Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізге көктем келсе де солтүстік өңірде ауа-райы әлі де тұрақтар емес

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2019 16:36 Zakon.kz
Бірқатар аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктер 14 наурызға арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жүреді. Батыстың кей жерлерінде түнде қатты жауын-шашын болады. Республиканың кей өңірлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, кей жерлерде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15 м/с күшейеді, таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел болады, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: