Полицейлерге таяқтарын қайтарып беру керек – сенатор

Time.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2019 19:03 Time.kz
Бұған жүргізушілердің қолында таяғы жоқ жол қозғалысын реттеушілерін дер кезінде байқамай, оларды қағып кету оқиғаларының жиілеуі себеп. Бірақ таяқ тек қана жол қозғалысын реттеу мақсатында пайдаланылуы тиіс.

Парламент сенатының пленарлық отырысында депутат Георгий Ким премьер-министр Асқар Маминнен жол қозғалысын реттеушілерге таяқтарын қайтару мүмкіндігін қарастыруды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Біздің депутаттар өңірлерде кездесу өткізді, БАҚ-қа мониторинг жасап отырмыз, жол-патруль қызметінің жұмысшыларын қағу деректері тіркелген статистикаға қарап отырмыз. Осыған байланысты қызметкерлерге таяқты қайтарып беру жөнінде сауал туындады – деді ол.

Сол себепті сенатор "таяқты тек қана жол қозғалысын реттеу мақсатында пайдаланудың қажеттілігі" туралы мәселені қарастыруды ұсынады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: