"Қазақтың Мессиі" ертең "Левски" сапында алғаш рет алаңға шығуы мүмкін

"Левски" ФК, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2019 23:43 "Левски" ФК
Екі ойынға шеттетілген Хали Тиам қазақстандықтың алаңға шығуына үлкен жол ашты.

Болгарияның "Kota Sport" басылымы жазғандай, "Левски" ойыншылары – франциялық Седрик Унтонджииз бен қазақстандық Еркебулан Сейдахмет жасыл алаңға шығып, "Вереяға" қарсы айқасқа шығуы мүмкін.

Унтонджииз софиялық клуб сапында 120-сыншы нөмірмен ресми ойын өткізген, деп хабарлайды Sports.kz.

"Еркебұлан Сейдахмет "Славияға" қарсы дербиде қосалқы құрамға енген, бірақ соңғы сәтте оны тізімнен алып тастаған. Левски ол ойында 3:0 есебімен жеңіске жетті, ал Сейдахметтің не себепті тізімнен түсіп қалғаны кейін анықталды: оның жұмыс визасы дайын болмаған екен.

"Енді жұмыс визасы алынды. Мәселе шешілді", деді клуб менеджері Мирчо Димитров.

Екі ойынға шеттетілген Хали Тиам қазақстандықтың алаңға шығуына үлкен жол ашты. Оның жазалануы негізгі құрамда ЕО құрамына кірмейтін басқа шетелдікке орын босатты.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: