Алматы облысында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүріп жатыр

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2019 16:53 Zakon.kz
Жаттығу барысында шектеу шаралары қарастырылуы мүмкін.

Алматы облысының Ескелді ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz облыстың Ескелді аудандық әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 2019 жылғы 15 наурыз күні Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында жоспарлы жедел оқу-жаттығулары өтіп жатыр, - делінген хабарламада.

Айта кеткен жөн, оқу-жаттығуларды өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылатыны хабарланып отыр. Қаладағы көлік құралдарының қозғалысын шектеу арқылы көшелер ішінара жабылуы мүмкін.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, жаттығу мақсаты - адамдар көп шоғырланатын орындарда террорлық сипаттағы қауіп төнген жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау болып табылады.

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерден өткізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, жаттығу кездерінде сабыр сақтауларыңызды сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: