Жаңалықтар тізбегі
0

Бір баласы барлар да 21 мың теңгені алады

involokolamsk.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2019 23:28 involokolamsk.ru
Шәкіртақы да кіріске жатпайтын болады

Аз қамтылған отбасылардың кірісін санау кезінде жәрдемақының 4 түрі есептелмейтін болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Мәжілістің пленарлық отырысында мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светалана Жақыпова айтты.

– Президенттің тапсырмасымен осы мәселе қаралып жатыр. Жәрдемақының 4 түрі есептелмеуі мүмкін. Ол – көпбалалы отбасыларға, "Алтын" және "Күміс алқа" иегерлеріне берілетін мемлекеттік жәрдемақы және мүгедек балаға қарастырылған төлем. Және шәкіртақы да кіріске жатпайтын болады, деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Сәуірден бастап 832 мың көпбалалы және аз қамтылған азаматтарға берілетін жәрдемақы үшін биыл бюджеттен 94 млрд теңге қарастырылған. Төлемді күнкөрісі қиын отбасылар алады. Вице-министр азаматтар мемлекеттік жәрдемақыға иек артып, масылдыққа жол бермейді деп санайды. Дегенмен, олай болса, жұмысқа қабілетті азаматтың отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды. Олар ұсынылған жұмыстан бірінші рет бас тартса, төлемнің 50 пайызынан, ал екінші рет жәрдемақыдан мүлде қағылады. Бірақ, әр балаға берілетін жәрдемақы төлене береді.

– Егер жалғызбасты ана 4 бала өзі бағып отырса, балалары 20 789 теңгеден алады. Өзі балаға күтім жасап отыр ғой, ол анаға да 20 789 теңге төленеді. Жалғызбасты ана бір баламен отырса, екеуіне де 20 789 теңгеден төленеді, – деп қосты министрдің орынбасары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: