Орталық мемлекеттік архивтің директоры: Елбасына алғыс айтамын
ҚР "Орталық мемлекеттік архиві" РММ-інің директоры Арнұр Қарымсақов Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтқа сіңірген ерен еңбегі жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнұр Қарымсақов Елбасының халқының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, мемлекет пен халықтың мүддесіне қызмет еткен көреген басшы екенін атап өтті.
- Құрметті достар! Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам алдында Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасап, өзінің жаңа міндетін атап айтты! Дәл осы сәтте қимастық сезіммен тебірене отырып, шексіз алғысымды білдіргім келеді. Осынау Елбасымен бірге жүріп өткен жолда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің шаңырағы биікке көтерілді. Мен үшін Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесіне қызмет еткен көреген басшы. Әлі есімде 1996 жылы "Дарынды балалармен кездесуіне" мені арнайы шақырған болатын. Сол сәтте ол кісінің әрбір қадау-қадау сөзінен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілікті ұқтым, ұғып қана қоймай, елімнің, ата-бабаларымыздың бақытты ұрпағы болғанымды ерекше мақтан еттім.
Орталық мемлекеттік архиві директорының айтуынша, еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр-қайрат пен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншіліктің арқасында әлем биігінен көріндік.
- Әсіресе, ұлттық тарихымызды жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеу және тарихи сананы жаңғырту үшін "Архив-2025", "Ұлы даланың ұлы есімдері", "Түркі әлемінің генезисі" сынды жобаларыңызбен ұлттық тарихымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға күш салды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміздің елдігі мәңгі ұлт болып тарихта қалатынымыз бүгінде баршамызға аян, - деді архив директоры.
Арнұр Қарымсақов Елбасына Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдарынан бастап, бүгінгі дейін атқарған орасан зор еңбегіне жүрекжарды алғасын білдірді.
"Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы! Еліміздің сан мыңжылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы ретінде халқын біріктіріп, ынтымағын жарастыра білдіңіз! Шын мәнінде, Қазақстан халқы үшін шексіз құрметке лайықты болдыңыз! Хлқымыздың баянды бүгіні мен жарқын болашағын тек қана өзіңіздің есіміңізбен байланысты. Қазақстанның айбынды мемлекет болып қалыптасуына аянбай еңбек еткен Сізге өзімнің айрықша жүрекжарды алғысымды білдіремін!" , - делінген хабарламада.