Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Астана атауын "Нұрсұлтан" етіп өзгертуді ұсынды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2019 19:09 Zakon.kz
Тоқаев ант қабылдаған соң ұсыныс жасады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдаған соң ҚР Парламенті палаталарының отырысында ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өз сөзін 19 наурыз күні Қазақстан үшін тарихи сәттің - ҚР Тұңғыш Президентінің мемлекет басшысы лауазымынан кетуінен бастады. Бұл шешім біздің мемлекетіміздің болашағына шын жанашырлық ретінде жоғарғы тәртіптік деңгейдегі түсінікте жазылды.

- Нұрсұлтан Назарбаев біртуар тұлға ретінде тарихқа кіріп қойған. Оның реформалары мемлекеттің кемеңгер саясатының символына айналды, сондықтан шетелдік срапшылар "қазақстандық жол" немесе "қазақстандық модель" деп атап отыр, - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, Қазақстан өзінің барлық экономикалық көрсеткіші жағынан Орталық-Азиялық аймақтардың көшбасшысына айналды.

- Қазақстан ірі қаржы ресурстарын бір жерге шоғырландыра білді. Елбасы инвестицияны экономикаға салу үшін жол бастады, сондықтанда Қазақстан жан басына шаққандағы шетелдік инвестицияларды тарту көлемі жағына алға шықты, - деді ҚР Президенті.

Ол сонымен қатар Назарбавтың барлық діни конфессиялардың арасындағы үйлесімдік, келісім мен толеранттылық билік құрған мемлекет құра алғандығына да мән берді.

- Жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алып отырған мемлекеттегі баянды бейбітшілік - татулық пен қаупісіздіктің маңызды факторы... ...Елбасының татулық пен қоғамдық келісімі жайлы моделі әлімді мойындатты, - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, дағдарысқа қарамастан Қазақстанда реформалар мен моденизациялар процессі сәтті жалғасып келеді, индустриялды күш те нығаюда, цифрландыру енгізіліп жатыр. Шын мәнінде, Қзақастан жаһандық маңызы бар көліктік-логистикалық хабқа айнылып келе жатыр, бұл дегеніміз - мемлекеттің күш-қуатын арттыра түседі деген сөз.

Тоқаев, Қазақстанның халықаралық келісімдермен заңды тіркелген мемлекеттік шекарасының болуы, Елбасының тарихи еңбегі болып табылатынын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: