Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2019 16:51 Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өңір экономикасының қарыштап дамып, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуында Елбасының атқарған еңбегі өлшеусіз.

"ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұнайгаз саласы мен көлік логистикасын жаңғыртудағы еңбегі зор". Маңғыстаулық 40 мың жұмысшының пікірі осындай, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір экономикасының қарыштап дамып, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуында Елбасының атқарған еңбегі өлшеусіз. Н.Назарбаевтың стратегиялық жоспарының арқасында облыста жаңа автомобиль, темір жолдар мен теңіз порттары салынып, Европаға тікелей жол ашылды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2019 16:51

Елбасына алғыстарын жеткізгендердің қатарында мұнайшылар, құрылысшылар, теміржолшылар, кәсіпкерлер мен зауыт жұмысшылары бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2019 16:51

"Өзенмұнайгаз", "Маңғыстаумұнайгаз", "Қаражамбасмұнай", "Қарақұдықмұнай", "Бозашы Оперейтинг ЛТД" сынды ірі мұнайгаз компанияларының 20 мыңдай еңбеккері Елордаға Елбасының есімін беруді құптайтындарын жеткізді. "Альянс ЛТД", "Оңдасын строй, "Ақжол құрылыс", "Ас құрылыс", "Макс КМ", "Ақтау строй", "Кезби", "Каспий цемент", "Қаз Азот", "Ақтау НШ", "Айком", "СМК" құрылыс мекемелері мен өндіріс ошақтарының ұжымы да еліміз үшін маңызы зор тарихи шешімді оң бағалап, қолдап отыр. "Маңғыстау құрылыс саласында 2018 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 1 миллион 200 мың шаршы метр тұрғынүй бой көтерді. Бұл Елбасының бастамасымен іске асырылған "Нұрлы жер" мен "Нұрлы жол" бағдарламасының жемісі",- дейді құрылысшылар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2019 16:51

Ал, бизнес өкілдері киелі Маңғыстау өңіріндегі орта және шағын кәсіпкерліктің өркендеуі мемлекет тарапынан жасалған қолдау шараларының нәтижесімен байланысты екенін айтады. "Атамекен" ҰКП Маңғыстау облысындағы филиалының 7 мың өкілі де астанамыздың "Нұр-Сұлтан" болып өзгеруін оң шешім деп бағалап отыр. "Қазақстан темір жолы" ҰК аймақтағы 5 мыңға жуық қызметкері де Тұңғыш Президенттің ерен еңбегіне алғыстарын жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2019 16:51

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: