Ол – осетин. Черчесов қазақша қойылған сұрақты аудармасыз түсінді

m.news.yandex.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 17:53 m.news.yandex.ru
Кавказдағы қарашай, балкар, ноғайлардың тілдері бізге ұқсас.

Баспасөз жиынында футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған қазақ журналист, бапкердің сұрақты аудармасыз-ақ түсініп қойғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде спорт журналисі Нұрғазы Сасаев жазады:

"Ресей құрамасының бас бапкері Черчесов мырзаға "Станислав Саламұлы" деп бастап, қазақ тілінде сұрақ қойып едім, "орысшаға аударудың қажеті жоқ, мен бәрін түсіндім" деді... Бәрі таң-тамаша болды. Ресей құрамасының баспасөз хатшысы "ресейлік журналистер үшін аударсын" деп күмілжіді.

Баспасөз жиыны біткен соң Ресейдің кейбір журналистері келіп, сұрап жатыр: "сіздер бұрын қазақша сөйлесіп пе едіңіздер?", "Черчесов қазақшаны жақсы біле ме?", тағысын тағы...

"Әй, айналайындар, оны жүзбе-жүз көріп тұрғаным осы, Кавказдағы қарашай, балкар, ноғайлардың тілдері бізге ұқсас қой. Черчесов – осетин. Бәлкім, олардың да тілі ұқсас болар. Қазақшаны қайдан білетіні маған беймәлім...", деп құтылдым.

"Ол сізді түсіндім" деді ғой деп, қоймайды. Қысқасы, Ресейге Черчесовтің бір қырын ашып бердік. Қазақша түсінеді екен", – дейді парақшасында Нұрғазы Сасаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: