Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлт көшбасшысын ұшақ алдынан Алматыда орналасқан ірі университеттердің - Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚазҰАУ, ҚазҰҚПУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, UIB, Құрманғазы атындағы Консервотория, Жүргенов атындағы ҚазҰӨИ және т.б. оқу орындарының студенттері қарсы алды. Қаладағы жоғары оқу орындарын біріктіретін G-38 студенттер ұйымының бастамасымен, жалпы саны екі мыңға жуық алматылық жас студенттер Елбасын гүлмен қарсы алды.
Студенттер Нұрсұлтан Назарбаевты ыстық ықыласпен қарсы алып, оның өлшеусіз еңбегі мен жастарға көрсеткен қолдауы үшін, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның бой көтеруіне қосқан зор үлесі үшін алғыстарын жаудырды.
Ұшақ баспалдағынан түскен Нұрсұлтан Назарбаев, жастарға барып, күтпеген жерден жылы қарсы алғандары үшін оларға жеке өзі алғыс айтты.
Алматыда осымен екінші жыл жастарға қолдау көрсету бойынша 2020 жылға дейінгі Жол картасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Жас отбасылар "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасының аясында алдын ала жарнасыз 5% льготті ипотека ала алады. Елбасының тапсырмасымен Алматыда студент жастардың жағдайларын жақсарту мақсатында, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бірнеше жатақхана енгізілді, ал осы жылы 268 орынға арналған 5 студенттер үйін салу жоспарланып отыр.
Елбасының Бес әлеуметтік бастамасының шеңберінде қалада білім гранттары 1,5 есеге артып, 28 мың грантты құрады. Өз кезегінде Алматыдағы аз қамтылған отбасылардан шыққан үздік оқушылар осы айдан бастап, стипендиялар алады: ЖОО мен колледж студенттері - 10 мың теңге, мектеп оқушылары айына 5 мың теңгеден алатын болды.
Бұдан бөлек, қалада "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жастарға арналған Лофт-орталық ашылды. Мұнда коворкинг орталығы, жастарға қызмет көрсету аймағы, еріктілер корпусы мен жатақхалар кураторлығы орталықтары, шеберхалар және т.б. жұмыс істейді. Жастармен жұмыс жасайтын қалалық Орталықтар жүйесі құрылып, Жамбыл атындағы кітапхана модернизацияланды.
Соңғы екі жылда Алматыдағы жұмыссыз жастардың саны 7,1-ден 6,4% азайды, 20 мыңнан астам адам немесе хабарласқандардың 91% жұмысқа орналастырылған.
2019 жылы 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президентті лауазымынан кетті.