Marca: "Реал" Мбаппені сатып алмайды

Бірақ трансферлік терезе ашылған соң не болатынын бір Құдай біледі.
Мадридтік "Реалдың" "ПСЖ"-дан 20 жастағы шабуылшы Килиан Мбаппені сатып алатын жоспары жоқ екен.
Мұндай ақпарат Marca газетінде пайда болды. Басылымның бүгінгі (26 наурыздағы) санында "Реал" өкілінің мәлімдемесі жарияланды.
"Біз Мбаппеге қатысты ұсыныс жасамаймыз", – дейді дереккөз.
Сондай-ақ, "Реалдың" трансфер бойынша "ПСЖ"-мен де, футболшының өзімен де ешқандай байланысқа шықпағаны айтылады.
« Nous ne ferons pas d’offre pour Mbappé » assure un dirigeant du Real Madrid à Marca qui en fait sa Une pic.twitter.com/DuueF0qwrA
— Daily Mercato (@DailyMercato) 26 марта 2019 г.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript