Назарбаева театр қызметкерлерін құттықтады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Халықаралық театр күніне орай театр қызметкерлеріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Еліміздің рухани келбетін жаңғыртуға бағытталған Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруда театр өнерінің алатын орны ерекше. Сіздерге шығармашылық табыс, шалқар шабыт пен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!", - деп атап өтті Сенат Төрағасының құттықтауында.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 68 театр бар, оның 51-і мемлекеттік, 17-і жекеменшік болып табылады. "Астана Опера" және "Астана Балет" ұжымдары Қазақстан мәдениетіндегі алдыңғы саптағы өнер ордалары. "Астана Опера" театрының әртістері өткен жылы Мариинский театрында, Оман Республикасындағы Корольдік Маскат опера театрында, итальялық Карло Феличе театрында сәтті өнер көрсеткен болатын. "Астана Балеттің" қойылымдарын Бельгия, Түркия, Ресейде тамашалады.
Қазіргі кезде республикамыздағы мемлекеттік театрларда 7291 адам жұмыс істейді.