ҚР Қорғаныс министрі тікұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Қарулы күштері жоғарғы бас қолбасшысының тапсырмасымен авиаапаттың себептері мен мән-жайын тергеу, тексеру басталды.
ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери тікұшақ апатына байланысты қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, болашақта осындай оқиғаларға жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын арнайы бейнежолдау арқылы жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ағымдағы жылғы 27 наурызда Қарулы күштер әскери тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жоспарланған "Алтын жебе" оқу-жаттығу барысында, әскери борышын орындау кезінде тікұшақ бортында болған 13 әскери қызметші қаза тапты.Оқиға орнына Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы тез арада жіберілді.
Қорғаныс министрлігінің ұжымы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан әскери қызметшілер өз әскери борышын адал орындады, деді Қорғаныс министрі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript