Жаңалықтар тізбегі
0

Тозған шығар. Белгілі блогер Ми-8 тікұшақтары туралы айтып берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2019 22:51 Сурет: zakon.kz
27 наурызда Қызылорда облысында ҚР Қарулы күштерінің Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған.

Қызылорда облысында құлаған тікұшақ моделі туралы Zakon.kz тілшісіне блогер Денис Кривошеев әңгімелеп берді.

- Әскери авиация, жалпы армия өз заңдарымен жүреді. Азаматтық әуежайдан ондай қолайсыз ауа-райында ешбір тікұшақ ұшып шықпас еді. Ал әскерилер әскери бөлімше болғаннан кейін ауа-райына қарамайды. Әскери авиация пилоттары машинаны түрлі жағдайда басқара алады, олар сонысымен құнды, өйткені бір жерде соғыс, немесе антитеррорлық операция бола қалса, ешкім де ауа-райына қарап отырмайды, - деді блогер Денис Кривошеев.

Оның айтуынша, Ми-8 әлемдегі ең сенімді тікұшақтардың бірі саналады.

- Барлық жауапты Қорғаныс министрлігінің арнайы құрылған тергеу тобы береді, егер олар шешімдерін құпияда сақтауды шешпесе. Ал техникаға келсек, Ми-8 әлемдегі ең сенімді тікұшақтардың бірі саналады. Ол әскери аваицияда да, азаматтық авиацияда да кеңінен қолданылады. Бірақ шыны керек, олар әбден ескірген. Тіпті әлі ресурсы болса да, тиісті күтім көрген жағдайда да, ескі ұшу аппаратының мінсіз жағдайда болатынына ешкім кепілдік бермейді. 1965 жылдан бері 12 мыңнан астам машина шыққан, біздің қарулы күштерімізде Ми-17В-5 модификациясы тұр, - деді блогер.

Оның сөзінше, нақты құлаған борттың қанша жыл қолданыста болғаны белгісіз. Экипаж тәжірибелі, екі майор мен лейтенант болған, сондықтан олар өрескел қате жіберді деу қиын.

- Әскери авиацияны бақылау мәселесі көптен бері туындап отыр. Техниканың күтімі қандай, қаншалықты сапалы бөлшектер сатып алынады, техника уақытылы жөндеу мен тексеру көре ме. Авиациялық бөлшектер ресурстары бойынша ережелер қаншалықты сақталатынын бақылау керек, - деп атап өтті ол.

Кривошеевтің тұспалдауынша, апатқа тікұшақтағы бір маңызды тетіктің істен шығуы немесе борттан өрт шығуы себеп болуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: