Жаңалықтар тізбегі
0

Тұңғыш Президент Алматыдағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді

Википедия, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2019 22:57 Википедия
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ө.Шөкеев пен А.Клебановпен кездесті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевпен болған кездесуде өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды.

Облыс орталығы Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына ерекше назар аударылды. "Қазақстан Халық банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Павловпен өткен кездесуде тараптар еліміздің банк секторындағы қазіргі ахуалды және осы саланы одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның қаржы нарығының өзекті мәселелерін талқылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Орталық Азия Электр энергетикасы корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Клебановпен кездесу барысында электр-жылу энергиясын өндіру нарығын дамытудың және еліміздің өңірлерін энергиямен жабдықтау ісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне баса мән берді. Тараптар, сондай-ақ, энергиямен жабдықтау саласындағы тариф саясатын іске асырудың қазіргі үдерісін талқылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: