Парламент Сенатының отырысында бірқатар заң жобасы қабылданды
Хабар 24
Парламент Сенатының отырысында бірқатар заң жобасы қабылданды. Олардың арасында қоғамда дау тудырған әлеуметтік мәселелерді қамтитын құжаттар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыруға арналған заң жобасын депутаттар екінші оқылымда қабылдады.
Айта кетсек, құжат аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға арналған ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгілеуді көздейді. Сондай-ақ мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған жәрдемақыны көбейтуді қарастырады.
Бұдан бөлек педагог, дәрігер, полиция қызметкерлері және өзге де мамандар үшін "7-20-25" бағдарламасының алғашқы жарнасын жергілікті бюджеттен субсидиялау енгізілмек.