Маңғыстау облысы әкімдігі қаза тапқан әскерилердің әрбірінің отбасына 1 млн теңгеден береді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2019 15:12 pixabay.com
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған Роман Костыговтың отбасына барды.

Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 миллион теңгеден көмек беретін болды, деп хабарлайды Zakon.kz Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

27 наурызда таңғы сағат 8-де Ақтаудан ұшып шыққан Ми-8 әуе көлігі кешкі 5-тер шамасында Қызылорда аумағында жерге құлап, түгел жанып кеткен болатын. Шейіт болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері.

28 наурызда облыс әкімі Ералы Тоғжанов құлаған тікұшақтың тізгінінде болған Роман Костыговтың отбасына барып, көңіл айтып, қажетті көмектің көрсетілетінін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: