Оралда интернет-казиноларға тыйым салынды

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2019 23:43 Баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының аумағында заңмен электрондық казино және интернет-казино қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, аталған сайттар нақты уақыт режимінде құмар ойындарын өткізген.

Орал қ. прокуратурасы сот арқылы 6 интернет-казиноға (777-azino.ru, 777faraon.org, casinoroom.com, elfarts.com, va-bank7.com и vulkanroyal.net) тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz БҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында заңмен электрондық казино және интернет-казино қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, аталған сайттар нақты уақыт режимінде құмар ойындарын өткізген.

Мысалы, vulkanroyal.net сайтында казино, автомат, слот, рулетка, покер және басқа да құмар ойындардың 30-дан астам түрін ойнауға және Qiwi, Webmoney, Visa, Mastercard, Maestro, ATF24, Касса24 ақша төлемдерінің сервистары арқылы ұтысты алуға болады.

Сондықтан, Орал қ. прокурорымен сотқа vulkanroyal.net сайтын заңсыз деп тану туралы талап арыз беріліп, ол 2019 жылғы 12 ақпанда қанағаттандырылды.

26 наурызда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен сайт жабылды.

Дәл осылай басқа да интернет-казинолардың жұмысы тоқтатылды.

Сонымен қатар, өткен жылы прокуратура мен мемлекеттік кірістер органдарының бірлескен жұмысының арқасында Орал және Ақсай қалаларында заңсыз ұйымдастырылған 9 ойын залдары жабылды.

Кінәлі 5 тұлға Қылмыстық кодексінің 307-бабымен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 44 компьютерлік техника мен 800 мың. теңге ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: