Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында әскерге шақырылған жігіт "қулық" танытпақ болған

ru.too-kazalyjdb.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2019 22:52 ru.too-kazalyjdb.kz
Тапқыр жігіт әскерге бармай сабақ оқығысы келіпті-міс.

23 жасар жас жігіт әскерде қызмет етуден "қорықып", Баянауыл аудандық қорғаныс бөлімінің жұмысшыларынан "айласын" асырмақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz Павлодар облыстық ПД сілтеме жасап.

Ақпан айының соңында аграрлық-техникалық колледждің іс жүргізушісі Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің сапына шақырылудан қашпақ мақсатта, вонкоматқа өзінің 2017 жылы аталған оқу орнының 1 курсына оқуға түсіп, оны 2019 жылы аяқтайтыны көрсетілген анықтама көрсеткен.

Ал военкомат қызметкерлері сенбей қайта тексерген кезде, жас жігіттің аталған колледжде ешқашан оқымағанын, тек 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың сәуір айына дейін іс жүргізуші ретінде жұмыс жасағаны анықталған. Ол жалған құжатқа директордың қолы мен елтаңба белгіленген мөрді өзі қойып алыпты.

Аталған дерекке қатысты Баянауыл аудандық полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК 385-бабының 1-бөліміне – ресми құжаттарды қолдан жасау және ҚР ҚК 387-бабының 1-бөліміне – әскери қызметтен жалтару баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Енді баянауылдықтың әскери қызметке деген жасампаздықтық әрекетін сот шешетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: