Жаңалықтар тізбегі
0

Атқарушы органдар қызметін бәсекелес  ортаға беру туралы заң жобасы қаралды

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2019 14:22 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешім қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту қажет.

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарының өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешім қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге, мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беруге бағытталған 97-қадамын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасында орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі мақсаттары, қағидаттары мен тәсілдері реттеледі. Функцияларды іріктеу мен бәсекелес ортаға берудің негізгі өлшемшарттары, сондай-ақ тәртібі белгіленген.

Заң жобасымен мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің бес тәсілі ұсынылады: аутсорсинг арқылы (мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес); мемлекеттік тапсырма аясында (бюджет заңнамасына сәйкес); мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы заңнамаға сәйкес); функцияларды пайдаланушылар есебінен беру; міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы.

Заң жобасында бәсекелес ортаға берілген функциялардың мониторингі көзделеді, оны орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалар жүргізеді. Мониторинг нәтижелері бойынша бәсекелес ортаға берілген функциялардың сапасыз жүзеге асырылғаны анықталған жағдайда, функция қайтарылуға жатады.

Одан басқа, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасының артуы» Жолдауында жарияланған тапсырмаларын іске асыру мақсатында заң жобасында мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беруді және кірістерді өзі дербес пайдалану құқығы көзделген.

Комитет сондай-ақ "Бір тараптан ЕЭО пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын да қарады.

Заң жобасы 2018 жылғы 17 мамырда Астана қаласында жасалған Келісімді ратификациялауға арналған.

Келісімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасында бірқатар бекітілген тауарларға қатысты 3 жыл мерзімге преференциялық сауда режимін белгілеуді және өзара саудадағы импорттық кеден баждарын төмендету көзделген.

Заң жобалары Палата қарауына жіберілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: