Жаңалықтар тізбегі
0

Полицейлер Алматы облысының автожолдарындағы тәртіпті күшейтті

caravan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2019 16:17 caravan.kz
Жыл басынан бері облыстағы автожолдарда 100 адам қайтыс болып, 700 астам адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын ұйымдастырып, барлық автожолдарда патрульдеу жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шараның негізгі мақсаты – облысымыздың жолдарындағы көлік апаттарының алдын алу. Барлық көлік иелерін қозғалыс қауіпсіздігінің талаптарын қатаң сақтауға шақыру және жол ережесін сақтамаудың қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын еске салу. Аталған іс-шара барысында өңірде әртүрлі акциялар ұйымдастырылуда. Мысалы, "Жылдамдық марафоны", "Жолдағы қабылдау", "Мас жүргізуші" және т.б. сынды шаралар жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған", - деп хабарлап отыр ведомство өкілдері.

Жыл басынан бері облыстағы автожолдарда 100 адам қайтыс болып, 700 астам адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Облыстағы барлық жол-көлік оқиғалардың 73 пайызы жергілікті маңызы бар жолдар мен көшелерде орын алса, қалған 27 пайызы республикалық жолдарда тіркелген.

"Біз жүргізген талдауға сәйкес, ең негізгі тәртіп бұзушылықтар – жылдамдық режимін сақтамау, жолдың қарсы бағытына шығу және жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін өрескел бұзуы. Біз, өз кезегімізде, қоғам назарын осы проблемаға аударуды қажет деп санаймыз. Өз қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын елемегендіктен бейбіт күні адамдар қайтыс болып жатыр",- деді полицейлер.

Айта кетейік, алдын алу іс-шарасы өңірде 15 сәуірге дейін жалғасады. Полицейлер ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға байланысты олардың әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және мүмкіндігінше қолдау көрсетуді сұрайды.

"Соңғы бір күн ішінде темір тұлпарды мас күйінде тізгіндеген 13 жүргізуші ұсталды. Әр дерек бойынша оларды қатаң жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік хаттама толтырылды. Жол жүру ережесін ескермей, өрескел бұзған жаяу жүргіншілер де жауапқа тартылады. Кеше 30 жаяу жүргіншіге хаттама толтырылған", - деп толықтырды облыстық полицяиның баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: