Жаңалықтар тізбегі
0

Әлеуметтік қолдаудың артуы инфляцияға әсер етпейді - Досаев

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2019 17:36 inbusiness.kz
Қаржы реттеушісі инфляция бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізуге және экономика өсуінің қарқындарын ұстап тұруға бағытталған саясатты жалғастыратын болады.

Әлеуметтік қолдауға арналған қосымша қаражаттың бөлінуіне байланысты шығыстарды ұлғайту инфляциялық процестерді жеделдетуге айтарлықтай әсер етпейді. "Біздің бағалауымызға сәйкес, инфляция ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша нысаналы дәліз шегінде сақталады". Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев ҚР Парламенті Сенатының отырысында сөз сөйлеген кезде айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Банктің басшысы қаржы реттеушісінің инфляция бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізуге және экономика өсуінің қарқындарын ұстап тұруға бағытталған саясатты жалғастыратынын атап өтті.

"Қазақстан Ұлттық Банкі инфляциялық таргеттеу саясатын жүргізуін жалғастырады. Ұлттық Банктің 2019 жылға арналған негізгі мақсаты инфляцияны 4-6% дәлізде ұстап тұру болып табылады. Жылдық инфляция 2019 жылғы наурызда өткен жылдың соңындағы 5,3%-бен салыстырғанда 4,8%-ға дейін төмендеді", - деп хабарлады Е. Досаев.

Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының айтуынша, базалық мөлшерлеме ақша-несие саясатының негізгі құралы болып қалады. Қазақстан Ұлттық Банкі мөлшерлеменің деңгейін елдегі нақты және күтілетін инфляцияның мөлшерлеріне, төлем балансының жай-күйін анықтайтын сыртқы факторларға, сондай-ақ экономикалық дамуды қолдау қажеттілігіне қарай белгілейді.

Е. Досаев 4 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде қалдырды деп еске салды.

"Біз инфляциялық көрсеткіштерге қол жеткізу мен экономиканың өсу қарқынын сақтап қалу теңгеріміне бағытталған базалық мөлшерлеме бойынша саясатты жалғастыруға ниеттенеміз. Валюта нарығында жағдай тұрақты болып қалуда. Ағымдағы жылдың басынан бастан 2 сәуір аралығында теңгенің айырбастау бағамы жыл басынан 1,2%-ға нығайды. Айырбастау бағамы еліміздегі төлем балансы жағдайына, яғни шетел валютасының еліміздің нарығына түсімі мен кетуінің теңгеріміне байланысты. Бұл сыртқы күйзелістерді барынша азайтуға және экономикамыздың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін сақтауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы айтқандай 2018 жылы төлем балансының ағымдағы шотының айтарлықтай жақсаруы байқалды. Тапшылық 2017 жылғы 5,1 млрд. АҚШ долларымен салыстырғанда 0,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

"Теңгенің өзгермелі айырбастау бағамы саясаты алтынвалюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. 1 наурыздағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері 29,2 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 59,0 млрд АҚШ долларын құрды. Жалпы халықаралық резервтер 88,2 млрд АҚШ долларын құрады", - деп хабарлады Ұлттық Банк Төрағасы.

Сонымен қатар Е. Досаев Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкінің экономикалық өсуді және ұзақ мерзімді кредиттеуді қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ипотекалық кредиттер алуға берілген өтінімдердің жалпы саны 2019 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша 125,4 млрд теңге сомаға 11 021 болды. Оның ішінде 75,2 млрд теңге сомаға 6 450 өтінім мақұлданды және 60,4 млрд теңгеге 5 085 қарыз берілді", - деп хабарлады Е. Досаев.

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының айтуынша, экономиканың басым салаларын кредиттеу үшін 600 млрд теңге сомаға банктердің ұзақ мерзімді өтімділікті игеруі бойынша шаралар қабылданатын болады. 7% мөлшерінде субсидиялауды ескере отырып, қарыз алушылар үшін кредиттер бойынша түпкілікті мөлшерлеме 8%-дан аспайды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы агроөнеркәсіп кешеніне 200 млрд теңге, ал өңдеуші өнеркәсіпке 400 млрд теңгеге дейін бөлінетіндігін де айтты.

"ШОБ іске асыратын жобаларды кредиттеуге кемінде 100 млрд теңге жұмсалатын болады. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі отандық автокөлік сатып алушыларын 5 жыл бойы кредиттеу бағдарламасын іске асыруға 100 млрд теңгеге дейін жұмсайды. Осы жылы 20 млрд теңге бөлінетін болады", - деді сөзін қорытындылай келе Е. Досаев.

Ол сонымен қатар, ақша-несие және бюджет саясатын үйлестіру Қазақстан экономикасының орнықты дамуының қажетті талабы болып табылатынын да атап өтті.

"2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер өлшемдері ағымдағы жылғы жекелеген макроэкономикалық көрсеткіштерді қайта қарауға негізделген. Қазақстан Ұлттық Банкі бұл өзгерістермен келісті және қолдады", - деп қорытындылады Е. Досаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: