Жаңалықтар тізбегі
0

Өтпелі кезеңде шетелдіктерге арналған көші-қон заңнамасы жеңілдетілді

lawsexp.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2020 21:46 lawsexp.com
Шетелдікке ҚР-да уақытша тұруға рұқсат қабылдаушы тараптың өтініші бойынша және негізді түрде рәсімделетін болады:

Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап 2 ай мерзімге өтпелі кезең енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай кезінде уақытша қалған және белгіленген мерзімде елден кете алмаған шетелдіктерге ҚР ӘҚБК-да көзделген санкциялар қолданылмайды.

"Айта кету керек, шетелдіктер ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасынан қандай да бір қосымша құжаттарсыз шыға алады. Шығарып жіберу туралы соттың орындалмаған шешімдері бар азаматтар елден шығуға міндетті. Қазақстан Республикасында қалғысы келетін шетелдіктер мерзімі өткен құжаттарын ауыстыруға, сондай-ақ өзінің құқықтық мәртебесін реттеуге құқылы", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Елмурат Нурсеитов.

Шетелдікке ҚР-да уақытша тұруға рұқсат қабылдаушы тараптың өтініші бойынша және негізді түрде рәсімделетін болады:

- Жұмысқа, жергілікті атқарушы органмен берілген рұқсат бойынша;
- ЕАЭО азаматтары үшін (Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы)-Еңбек шарты немесе қызмет көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт негізінде.
- Отбасымен қосылуға-туыстық байланыстарды растайтын құжаттар болса.
- Сондай-ақ, тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш берген жағдайда және қабылдаушы Тараптың өтініші бойынша шетелдіктер тұруға, емделуге, оқуға, бизнес жүргізуге, миссионерлікке, рұқсат ала алады.

"Еңбек көшіп-қонушылары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу қажеттілігінсіз және тиісті өтініш беру мерзімінің бұзылуына қарамастан әкімшілік жауапкершілікке тартылмай-ақ патенттер алуға өтініш білдіре алады. 2020 жылдың 11 шілдесінде өтпелі кезең аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасында өзінің құқықтық мәртебесін реттемеген шетелдіктерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады", - деп толықтырды Нурсеитов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: