АЭС құрылысында халықтың пікірімен санасамыз – Энергетика министрлігі
primeminister.kz
Құрылыс алаңын таңдауда аймақтың сейсмикалық жағдайы, судың қолжетімділігі есепке алынды.
Парламент сенатында Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев атом электр стансасының құрылысы кезінде қазақстандықтардың пікірі есепке алынады, деп уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
– Біріншіден, қазақстандықтардың пікірі сөзсіз, есепке алынады. Екінші, құрылыс алаңына қатысты, мен айтқанымдай, ауданның сейсмикалық жағдайы, судың жақындығы сияқты тұстары зерттеліп, түрлі алаңдар қарастырылған, – деді ол.
Оның айтуынша, болашақ АЭС құрылысына лайықты алаңдардың тізімі жасалған.
– Бұлар Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатовтағы алаң және Алматы облысындағы Үлкен ауылындағы алаң, – деп атап өтті Мырзағалиев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript