Жаңалықтар тізбегі
0

Елордалық прокурорлар бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша істі сотқа жіберді

turkystan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2019 20:31 turkystan.kz
Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша істі сотқа жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Электр және жылу энергиясына тарифтерді қалыптастыру кезінде заңдылықтың жай-күйіне қатысты өткен жылғы тексеру қорытындысы бойынша Астана қаласының прокуратурасы "Астана-Энергия "АҚ Басқарма төрағасының орынбасары О. В. Уткинге және " Тесла" ЖШС-ның директоры И. А. Веселыйға қатысты сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу фактісі бойынша (ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) сотқа дейінгі -тергеп-тексеруді аяқтады.

2015 жылдың наурыз айында "Астана-Энергия" АҚ мен "Фирма "Акназар" ЖШС ЖЭО-1,2 жылуды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орнату жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 375 млн.теңге сомасында шарт жасасқаны анықталды.

Шарт талаптарын орындау үшін ЖШС басқа қосалқы мердігерлік ұйымды – "Тесла" ЖШС директоры И. А. Веселыйды тартқан, олар өз кезегінде жұмыстардың тиісті орындалуын қамтамасыз етпеген.

Сот құрылыс-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, нақты орындалған жұмыстардың көлемі мен құны қабылдау актілерінде және бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген көлем мен құнына сәйкес келмеген. Нәтижесінде орындалмаған қызметтер мен жеткізілмеген жабдықтардың құны 103 млн.теңгеніқұраған.

Істі тергеу барысында О. В. Уткин және И. А. Веселый өз кінәсін толық мойындап, прокурормен кінәні мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімін жасады. Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Сондай-ақ бюджет қаражатын жымқыруға дем берушілік фактілері бойынша жобаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етпеген ЖЭО-1 және ЖЭО-2 директорлары мен бірқатар басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының № 2 сотының а.ж. 8 ақпандағы үкімімен О. В. Уткин кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға, И. А. Веселый 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: