"Астана су арнасының" бұрынғы бастығы пара ретінде ақша және екі пәтер алған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2019 23:08 zakon.kz
Кінәсін толық мойындауына байланысты ол қамауға алынбады, тергеу жалғасуда.

"Астана Су Арнасы" МКК бұрынғы басшысына пара алды деген күдік тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz Мемлекеттік қызмет істер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалинге сілтеме жасап.

Ол елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінен екі пәтерді және 60 мың доллар көлеміндегі ақшаны пара ретінде алды деген күдікке ілінді. Параны ЖШС директорынан кеңсе бөлмелері мен ғимараттардың кіреберіс бөлмелерін ЖШС пайдасына беру туралы қосымша келісім және Тұрғын үй кешенін кәсіпорын балансына қабылдау туралы актіге қол қойғаны үшін алған, – деді Арман Бердалин.

Кінәсін толық мойындауына байланысты ол қамауға алынбады, тергеу жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: