Жұма күні Алматының орталық көшелерінде жөндеу басталады

Қаладағы кептелістер одан сайын көбейеді.
5 сәуірден бастап Алматының орталық көшелерінде жөндеу жұмыстары басталады. Жұмыстар бірден бес жерде жасалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоспар бойынша орташа жөндеу жүргізу көзделген: жаңа асфальт төсеу, бордюр ауыстыру, аялдамалар салу, сондай-ақ жолды кеңейту/кішірейту мен паркинг аймақтарын жөнге келтіру.
Жөндеу жүретін жерлер:
Абылай хан даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін квартал ішілік жолдар.
Бөгенбай батыр көшесі Байтұрсыновтан бастап №17 үйге дейін.
Наурызбай батыр көшесі Райымбектен Абай даңғылына дейін.
Гоголь көшесі Назарбаев даңғылынан бастап Әуезов көшесіне дейін.
Қарасай батыр көшесі Мұқановтан бастап Розыбакиев көшесіне дейін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript