АЭС – Ресей үшін маңызды. Бізге түкке керек емес – журналист
lada.kz
Балқаштағы Үлкен мекені осыдан бес жыл бұрын көзделді. Пысықтар құрылысты 2016 да бастап жібермек болған.
АЭС туралы келіссөздің 4-кезеңі жүріп жатыр, сондықтан Путин ұсынды деген қисынға келіңкіремейді, деп жазады әлеуметтік желіде белгілі журналист Серік Әбікенұлы.
Оның жазуынша, бұл бәлені бастаған Владимир Школьник еді, ал уақытша тоқтатып қойған – Қанат Бозымбаев болатын.
Бұл бәлені бастаған Владимир Школьник еді, Маңғыстаудағы реакторды пайлаланып, энергия сатып қарық бола қалайық деген. Содан бері 22 жыл өтті, РФ бұл идеяны қайта-қайта тықпалайды. Ал Балқаштағы Үлкен мекені осыдан бес жыл бұрын көзделді. Пысықтар құрылысты 2016 да бастап жібермек еді энергетика министрі Қанат Бозымбаев "бізде қуат жеткілікті, АЭС әзірге керек емес", – деп тоқтатты.
Серік Әбікенұлының пайымдауынша, АЭС – Ресей үшін маңызды жоба, ал Қазақстанға оның түкке керегі жоқ.
– Екі ел бұл туралы жеті жылға дейін қозғамауға келіскен. Путиннің соны ұмытып асықтырып жатқанына қарағанда АЭС РФ үшін аса маңызды жоба. Бізге түкке керек емес, – делінеді оның жазбасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript