Мұхтар Шахановтың сайты ашылды

Бәрібір ерте ме, кеш пе, шындық жеңеді.
Қазақтың ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың жеке сайты ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Алматыда Мұхтар Шахановтың қатысуымен өткен арнайы ұйымдастырылған баспасөз жиынында мәлім болды.
Сайтта Шахановтың ұлт үшін, ел үшін істеген еңбектері, түрлі баспасөзде берген сұхбаттары, кітаптары мен өлеңдері жинақталған.
"Бәрібір ерте ме, кеш пе, шындық жеңеді. Қазір барлығын Нұрдан бастауымыз керек қой, мына Нұр-орындықта отырып, Нұр-әңгімелесіп отырмыз, міне. Бірақ бәрі уақытымен өз орнына келеді", – деді Шаханов өз сөзінде.
Сайтқа shakhanov.kz атауын теріп кіре аласыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript