Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полициясының басшысы: Сын көп, атқарар шаруа қыруар

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2019 23:19 Zakon.kz
Өзімнің және қызметкерлерімнің жұмысына ешқашан көңілім толған емес - Серік Күдебаев.

Алматыда өткен брифингте ПД бастығы полиция генерал-майоры Серік Күдебаев өзінің жұмысына көңілінің толмайтынын мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Өзімнің және қызметкерлерімнің жұмысына ешқашан көңілім толған емес. Сын көп, атқарар шаруа шаш етектен. Егер біз сабыр сақтап, риза болсақ, онда ешқандай нәтижеге қол жеткізбейміз, - деп ашық жауап берді Серік Күдебаев тілшілер қойған сұраққа.

Ол әрбір жағдайға, әрбір проблемаға жанынмен берілсе де, атқарар жұмыстың әлі де көп екенін айтты.

Алматы полициясының басшысы бұдан бөлек, ІІМ реформасына сәйкес қызметкерлердің айлықтары өсетінін де еске салды.

- Ағымдағы жылы біздер жол-патрульдік полициясы полкінің шамамен 300-дей қызметкерін офицерлік қызметке ауыстыратын боламыз. Егер олар осыған дейін шамамен 100 мың теңге жалақы алса, енді 160 теңге алатын болады, - деді Серік Күдебаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: