Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын атады

Әне-міне дегенше Чемпиондар лигасының 1/4 финалдың ойындары басталғалы тұр. Кімнің кіммен ойнайтыны белгілі болғандықтан, британияның talkSPORT басылымы турнир жеңімпазын болжау үшін суперкомпьютердің көмегіне жүгініп көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басылым болжамынша, ширек финалда "Ювентус" 1:1, 2:0 есебімен "Аяксты" ұтады, "Ливерпуль" 3:0, 2:1 есебімен "Портудан" басым түседі, "Тоттенхэм" "Манчестер Ситиді" жарыстан қағып тастайды (1:1, 3:1), ал "Барселона" "Манчестер Юнайтедті" тоқтатады (2:1, 2:1).
Жартылай финалда "Ювентус" "Манчестер Ситиді" ұтады (1:1, 2:1), ал "Барселона" "Ливерпульден" басым болады (2:1, 2:2).
Мадридте өтетін финалда "Ювентус" негізгі уақытта "Барселонадан" басым түседі – 2:1.
2018/2019 маусымындағы Чемпиондар лигасының 1/4 финалдык алғашқы матчтары 9-шы және 10 сәуірде өтеді.