Президент кеңесшісі – Бауыржан Омаров деген кім

ult.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2019 17:13 ult.kz
Президент өзіне жаңа кеңесші тағайындады.

Мемлекет басшысының бұйрығымен Омаров Бауыржан Жұмаханұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бауыржан Омаров 1962 жылдың 1 мамырында Қызылорда облысының Қаратерең ауылында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы:

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1986); Журналист;

Мәскеу мемлекеттік бизнес және ақпараттық технологиялар университеті (1998);

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2006), Экономист

Еңбек жолы:

"Аралрыбпром" жұмысшысы (1979);

"Лениншіл жас" ("Жас алаш") газетінде суретші-ретушер, тілші, аудармашы, аға тілші, бөлім меңгерушісі (1986-1994);

Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы (1994-1996);

Қызылорда гуманитарлық университетінің проректоры (1996-1997);

Қызылорда әкімінің орынбасары – Қызылорда арнайы экономикалық аймақ әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары (1997-1998);

Доцент, Қазақ мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері (1998-2000);

Қазақстан Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі (2000-2003);

"Қайнар" университетінің профессоры (2001-2002);

Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры (2002-2003);

Мәдениет министрлігінің Тілдерді дамыту департаментінің директоры (10.2004 бастап – Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі) (12.2003-02.2005);

ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тілдер комитетінің төрағасы (02.2005-03.2006);

"Литер-медиа" ЖШС атқарушы директоры;

"Хабар" арнасындағы "Жеті күн" бағдарламасының жүргізушісі;

"Айқын" газетінің бас редакторы;

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы (05.2009-03.2010);

ҚР Ақпарат министрлігінің Тілдер жөніндегі комитеті төрағасы (04.2010-07.2011);

ҚР Президентінің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі;

ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары (01.2013 бастап)

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: