Кезектен тыс сайлау өткізуге елде ақша бар ма – Дәленов не дейді
nalogikz.kz
Күтпеген шығындар үкімет резервінен қаржыландырылады.
Үкіметте журналистер ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтен президент сайлауы биыл өтетін жағдайда, оның қайдан қаржыландырылатыны туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
– Үкімет резервтерінде кезек күттірмейтін шығындарға арналған ақша көзделген. Кез-келген күтпеген шығындар содан қаржыландырылады, – деп түсіндірді ол.
Алайда Дәленов сайлауға нақты қанша ақша шығындалуы мүмкін екенін айта алмады.
– Бұл сұрақты қаржы министрлігіне жолдаған жөн. Бағдарламаның үйлестірушісі солар, – деді министр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript