Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек туралы келісім қаралды

Парламент Сенаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2019 22:34 Парламент Сенаты
Қазақстан әскери мүлікті Жамбыл облысындағы "Отар" станциясынан бастап Душанбе қаласының "Рохати" станциясына дейін теміржол көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді және шығыстарды көтереді.

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заңының жобасы қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімге Астана қаласында 2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын және Тәжікстан тарапының әскери-техникалық көмек көрсету жөнінде сұрау салуын іске асыру аясында қол қойылды.

Келісім Тәжікстан тарапына әскери мүліктерді; оқ-дәрілерді, авиациялық зақымдау құралдарын, артиллериялық аспаптарды, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мүліктерін бір рет өтеусіз беруді көздейді.

Келісімнің шарты бойынша Қазақстан әскери мүлікті Жамбыл облысындағы "Отар" станциясынан бастап Душанбе қаласының "Рохати" станциясына дейін теміржол көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді және шығыстарды көтереді.

Ал Тәжікстан тарапы Тәжікстан Республикасындағы кедендік рәсімдерді ресімдеу шығыстары мен жауапкершілігін, сондай-ақ алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермеу міндеттемесін өзіне алады.

Тұтастай алғанда Келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдау өңірлік қауіпсіздікті нығайтуда елеулі үлес қосады, Тәжікстан Республикасымен өзара достық қарым-қатынастарды және әскери ынтымақтастықты күшейте түседі.

"Қарулы күштерді техникалық тұрғыда қайта жабдықтау және мемлекеттік шекараны нығайтудағы тәжік достарға көрсетілетін көмек тек Қазақстанның ғана емес, біздің одақтастарымыз бен бүкіл Орталық Азиядағы достарымыздың ортақ мүддесі болып отыр", - деді Н.Нұрсипатов.

Заң жобасы Палата қарауына берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: