Судан президенті отставкаға кетті

Елде 2018 жылдың желтоқсанынан бері жаппай наразылық жүруде. Судан әскерилері президентті тайдырып, үкіметті тарату туралы шешім қабылдады.
Судан президенті Омар әл-Башир елдегі жаппай наразылық шерулері жағдайында отставкаға кетті.
Қазір елде республиканы өтпелі кезеңде басқаратын әскери кеңес құру жөніндегі келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме берген РБК хабарлайды.
Солтүстік Дарфур провинциясының өнеркәсіп министрі Адель Махджуб Хусейн Al-Hadath телеарнасына мәлімдегендей, көптеген жоғары әскери шенділер ел астанасы Хартумге келіп, "әл-Баширді тағынан бас тартуға мәжбүр етті".
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript