Жаңалықтар тізбегі
0

Сирия бойынша Астана процесінің шеңберіндегі кезекті жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өтеді

ҚР СІМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2019 21:59 ҚР СІМ баспасөз қызметі
Алдын ала күн тәртібіне сәйкес, Сирия бойынша конституциялық комиссияны құру және іске қосу бойынша жұмысты аяқтауға баса назар аудара отырып, саяси процесті одан әрі ілгерлету жолдары талқыланады.

2019 жылғы 25-26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 12-ші халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Астана форматында бұрын өткен сирияаралық келіссөздерге ұқсас, алдағы кездесуде Иран, Ресей мен Түркия, Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдері, сондай-ақ БҰҰ мен Иорданияның бақылаушылар деңгейіндегі делегациялар қатысады.

Келіссөздердің кезекті раунды Сирия бағытында ең өзекті мәселелерді, соның ішінде Идлиб провинциясы мен Сирияның солтүстік-шығысындағы қазіргі ахуалды, қақтығысушы тараптар арасындағы сенімді одан әрі нығайтуға бағытталған шараларды, сондай-ақ босқындар мен ел ішіндегі қоныс аударған адамдарды қайтаруға қолғабыс көрсету, гуманитарлық жағдайды жақсарту және елді қақтығыстан кейінгі қайта қалпына келтіру мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, алдын ала күн тәртібіне сәйкес, Сирия бойынша конституциялық комиссияны құру және іске қосу бойынша жұмысты аяқтауға баса назар аудара отырып, саяси процесті одан әрі ілгерлету жолдарын талқылау, сондай-ақ Астана процесіне жаңа бақылаушы мемлекеттердің қосылу мәселесі қарастырылады.

25 сәуірде Астана процесінің кепілгер елдерінің екіжақты және үшжақты консультациялары, сондай-ақ байқаушы тараптарының өкілдерімен кездесулері, ал жалпы отырыс 26 сәуірде өтеді.

Сонымен бірге, Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 12-ші халықаралық кездесу шеңберінде Тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының 8-ші отырысын өткізу жоспарланып отырғанын ескере отырып, аталған отырысқа қатысу үшін БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының және Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің өкілдеріне тиісті шақырулар жолданады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: