"Ливерпуль" – "Порту", "Ман Сити" – "Тоттенхэм" ойыны қалай өтті

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2019 14:38 Pixabay
Манчестерде 21 минуттың ішінде бес гол соғылды.

Чемпиондар лигасының ¼ финалында қалған екі жұптың қарымта ойындары өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Манчестер Сити" өз алаңында 4:3 есебімен "Тоттенхэмнен" басым түссе де, жарыстан шығып қалды. Қос команда кездесуді аса қарқынды бастап, 21 минуттың ішінде бес гол соғылды. Бірінші кездесуде өз алаңында 1:0 есебімен жеңіс рәсімдеген "Тоттенхэм" екі кездесу қорытындысы бойынша, сырт алаңдағы добының арқасында жарысты ары қарай жалғастырады.

Ал "Порту" өз алаңында "Ливерпульден" ірі есеппен ұтылды – 1:4. Бірінші ойында "Ливерпуль" 2:0 есебімен ұтқан болатын. Осылайша қорытынды есеп 6:1 болды.

Енді Чемпиондар лигасының жарыс жолында төрт клуб қалды: "Аякс", "Барселона", "Тоттенхэм" және "Ливерпуль".

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: