Сейсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы күтіледі
Синоптиктер 23 сәуір күні Қазақстанда болатын ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, республиканың оңтүстік таулы аймағында катты жаңбыр жауады, тек республиканың солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман, күшті жел сақталып, оңтүстікте, оңтүстік батыста – найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, Қызылорда облысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертен Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.