Жаңалықтар тізбегі
0

Кандидат Сәдібек Түгел емтиханды оңай тапсырып тастады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2019 21:20 Сурет: zakon.kz
Лингвистикалық комиссия Түгелдің қазақшаға судай екенін мойындады.

Президент сайлауына "Ұлы Дала Қырандары" қоғамдық бірлестігінен түскен кандидат Сәдібек Түгел мемлекеттік тілден емтиханды сәтті тапсырды. Бұл туралы лингвистикалық комиссия мүшесі Ғарифолла Есім мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Сәдібек Түгел – үміткер. Оның алдына үш тапсырма қойылды. Екі беттен аспайтын шығарма. Тақырыбы ТМД, оның бүгінгі-ертеңгі проблемалары. Оның шығармасын оқыған лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді еркін меңгергенін мойындады. Ауызша тапсырмада Әбіш Кекілбайдың балладасын оқып, мемлекеттік тілді еркін меңгергенін тағы байқатты. Үшінші тапсырмада біздің алдымызда тұрып өзі таңдаған тақырып бойынша өзінің ата-бабасы жайлы әңгімелеп берді. Оны да сәтті орындады. Мемлекеттік тілді еркін біледі, сөйлеу мәдениетіне сын таға алмадық. Ақыры ол мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытындыға келдік, – деді Есім.

Кандидат мұның бәріне екі сағаттай уақыт жұмсады.

Ғарифолла Есім Сәдібек Түгелдің қазақшасын емтиханды кеше тапсырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақшасымен салыстырғысы келмейтінін айтты, оның сөзінше, бұл "этикаға жатпайды", "комиссияның жұмысы білімді салыстыру емес, тексеру", деп құтылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2019 21:20

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: