Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай ешқашан өз талабын қоймайды және "дәл біз сияқты өмір сүріңдер" деген емес - Назарбаев

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2019 15:37 Ақорда
Қытайдың осы саясаты басқа мемлекеттерді өзіне тартып тұрады - Тұңғыш Президент.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қытайдың басты ресми БАҚ-на сұхбат берді. Биыл Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толады, осы орайда Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" форумының мінберінде Қытай халқын осы атаулы күнмен құттыған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елбасының сөзінше, тарих үшін 70 жыл деген аса көп уақыт емес. Қытай жалпы тарихында өте көп тауқімет пен қиындықты бастан кешкен ел.

- Қорлықты, соғысты, күйзелісті бастан кешті, импералистердің жан-жақтан басқыншылығын көрді және аман қалды. Мемлекет мәдени революциядан өтті, әртүрлі ұрпақ ауырпашылықтар мен қиындықтарды бастан кешіп, қазір өркендеп жатыр. Сондықтан, Қытай 70 жылдыққа барлығы санаса алатын мықты әрі қарқынды дамыған ел ретінде қадам басып келеді. Барлығы оның ғылыми-технологиялық жетістігімен санасады. Қытай ғарышқа қорғаныс саясаты жағынан шығып, басқа мемлекеттерді басып озды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы сонымен қатар Қытай мен Ресейдің мұнай-газ кешені бойынша серіктесітігін атап өтті және Қазақстан арқылы 40 млрд шаршы метр түркімендік және қазақстандық газ өтетін магистраль салынғанын тілге тиек етті.

- Қазақстанның ұсынысы бойынша салынған құбыр 20 млн тонна мұнай шығарады және бұл сан өсетін болады. Қытайлық компаниялар қазақстандық мұнайдың 20% астамын өндіріп отыр. Қазақстанда қытайдың қатысуымен 1200 астам компания жұмыс істеуде. Бұл тек біздің мемлекетімізде ғана, ал Қытай бүкіл әлемде - Африка, Азия, Оңтүстік Америка және басқа да мемлекеттерде жұмыс жасап жатыр. Және менің ойымша, Қытай ешқашанда өз талабын қоймайды және батыстың бізге үйретіп жатқанындай "біз сияқты өмір сүріңдер" деп айтпайды, - деді Назарбаев.

Тұңғыш Президенттің пайымынша, Қытайдың дәл осы сасаты басқа мемлекеттерді өзіне тартып тұрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: