Дүйсенбі күні Қазақстанның басым аймағында жауын-шашын жауады
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді және найзағай болады. Бұршақ жаууы мүмкін, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болып, дауыл күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейюі күтіледі, кей жерлерде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде түман, күндіз кей жерлерінде найзағай болып, бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, шанды дауыл 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай болуы мүмкін.
Күндіз Алматы, Кызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жеолерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.