"Даму" қорының жаңа басшысы болып 83-ші жылғы әйел келді

Бұл туралы дүйсенбі, 29 сәуірде хабарланды.
"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өзінің жалғыз акционерінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі шешімі туралы KASE қазақстандық қор биржасын құлақтандырды, деп хабарлайды Zakon.kz forbes.kz-ке сілтеме жасап .
Шешімге сәйкес, басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі Абай Сарқұловтың өкілеттігі екі тараптың келісімі бойынша тоқтатылды.
Гаухар Бурибаева акционерлік қоғамның басқарма төрайымы және директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Өзгерістерге сәйкес, "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Смайылов Ә.А., Арифханов А.Ә., Бахмутова Е.Л., Елемесов А.Р., Мұхамеджанов Б.Г., Бурибаева Г.А.
Бурибаева Гаухар Асылбекқызы 1983 жылы туған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript