Акихито тағын тастады. Жапонияда император ауысты

ГолосUA, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2019 22:15 ГолосUA
Акихито соңғы 200 жылдың ішінде өз еркімен тағын тастаған тұңғыш император болып отыр.

Жапонияның 125-ші императоры Акихито тағынан бас тартты, деп хабарлайды РБК.

– Мені мемлекет символы ретінде қабылдап, қолдау танытқан адамдарға шын көңілмен алғыс айтамын, – деді Акихито.

Ол сондай-ақ, жаңа императордың дәуірі "тұрақты да жемісті" болып, Жапония мен әлем халқы бейбіт және бақытты тіршілік кешеді деп үміттенетінін айтты.

Императордың қоштасу шарасында елдің премьер-министрі Синдзо Абэ оған жапон халқының атынан алғыс айтты.

85 жастағы Акихито өзінің императорлық тағын 59 жастағы ұлы Нарухитоға қалдырып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2019 22:15

Фото: REUTERS/HANDOUT

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: