Тоқаевтың орнына Пекинге неге Елбасы барып алды – Абаевтың жауабы

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2019 14:33 Ақорда
Ескі достықты құрметтеу Қытай билеушілерінің ежелден келе жатқан дәстүрі, – деді Дәурен Абаев.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Пекинге не себепті қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша,Назарбаев Пекинге "Бір белдеу, бір жол" форумының құрметті қонағы ретінде және Қытай басшысы Си Цзиньпиньнің досы ретінде шақырылған.

– Ескі достықты құрметтеу Қытай билеушілерінің ежелден келе жатқан дәстүрі, – деді Дәурен Абаев Хабар арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында.

Ол сондай-ақ, "Бір белдеу, бір жол" жобасының идеясы тұңғыш рет Қазақстан басшысының Қытайға жасаған сапары барысында көтерілгенін еске салды.

– Елбасы бастаған біздің еліміз осы бастаманы жүзеге асыруда әрдайым жетекші рөлдердің бірін атқарып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Достық орденімен марапатталды. Айта кетсем, шетел басшыларының ішінде бұл орденмен бұған дейін тек Владимир Путинді марапаттаған, – деп қосты Абаев.

"Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумы Пекинде 26 сәуірде өткен болатын. Форум аясында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиньмен кездескен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: