Жаңалықтар тізбегі
0

Жеңгетай-әйел қылмыстық істі тоқтату үшін полицейге 20 мың доллар пара берген

strausstroy.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2019 23:17 strausstroy.com
Әйел ҚР ҚК 309 бабы бойынша қозғалған істі жаптыру үшін Алматы полиция департаментінің тергеушісіне 20 мың доллар пара берген.

Притон ұйымдастыру дерегі бойынша істі болған әйел Алматы полиция департаментінің лауазымды тұлғасына пара берді деген күдікке ілікті. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде Ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменті ҚР ҚК 309 бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша қозғалған істі жаптыру үшін Алматы полиция департаментінің тергеушісіне 20 мың доллар пара берген әйелге қатысты тергеу жүргізуде, – деді спикер.

Тергеу жалғасуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: