Шымкенттік судьялар таксиге отыруда
Шымкент қласының судьялары қызметтік көліктерінен бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлығы комедиялық сериялға ұқсайды, бірақ, бәрі шынайы.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласының соттары бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында 6 мамырдан бастап қызметтік көліктерінен бас тартып, такси қызметіне жүгінуге көшті.
Шымкент қаласы бойынша соттардың әкімгері Нұрсұлтан Байтілесов аталған жаңашылдық ең төменгі есеп бойынша бюджет қаражатын 2 есеге азайтуға септігін тигізетінін атап өтті. Бұдан былай қызметтік көліктерді сатып алу және оларды жаңалудың, қызмет пен жөндеуге төлеудің, жанармай сатып алудың, сондай-ақ штатта жүргізушілерді ұстаудың қажеті болмайтын көрінеді.
Таксиге отыру - қызмет бәсекелес жаққа беріліп, шағын және орта бизнеске қолдау болады деген сөз.