Елордада қар жауады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2019 22:16 Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
Түнде ауа-райының сынап бағанасы минусты көрсетеді.

Ертең, 15 мамыр күні Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласады, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, 15 мамырда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын болады (қар аралас жаңбыр). Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +10...+12°С құрайды.

16 мамырда жауын-шашынсыз, бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +13...+15°С.

17 мамырда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа өзгертеді. Оның жылдамдығы 5-10 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде +1...+3°С, күндіз +19...+21°С болады», – делінген "Қазгидромет" РМК.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: