Нұр-Сұлтанда XII-ші Астана экономикалық форумы басталды
Нұр-Сұлтанда XII-ші Астана экономикалық форумы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл форумда әлемдік экономиканың ең негізгі мәселелерін талқылау, өнеркәсіп пен технологиялардағы жаңа салаларды дамыту және Қазақстан мен қалған әлем алдында тұрған жаһандық қатерлермен күресу жайы қарастырылады.
АЭФ шаралары дәстүр бойынша панельдік сессия, дөңгелек үстел, конференциялар мен бизнес-диалогтар форматында өтеді. Жалпы, форумда 50-ге жуық сессия өтеді деп жоспарланған.
Ақпараттық анықтамада айтылғандай, АЭФ-тің 11 жылдық жұмысында оған 150 елден 50 мыңдай делегат келіп-кеткен, олардың арасында Нобель сыйлығының 20 лауреаты және 30 шетелдік саясаткер болған.
Конгресс аясында 20 млрд доллардан астам сомаға 300-ден астам меморандум жасалған.