Лондон мен Нью-Йорк 2100 жылы суға кетуі мүмкін
АҚШ пен Ұлыбритания ғалымдары теңіз деңгейінің көтерілуі туралы жаңа зерттеу жұмыстарын жасап, 2100 жылы Лондон мен Нью-Йорк қалалары суға кетуі мүмкін екендігін ескертіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz BBC басылымына сілтеме жасап.
Жайсыз болжамдарға сәйкес, қазіргі таңда атмосферадағы көмір қышқыл газдың артуы нәтижесінде 80 жылдың ішінде жаһандық орташа температура бес градусқа жоғарылауы мүмкін. Ал, мұндай жағдай әлемдік мұхит деңгейінің 62 сантиметрден 238 сантимерге көтерілуіне әкеп соғуы ықтимал. Нәтижесінде құрлықтың шамамен 1,79 миллион шаршы метрі су астына кетеді. Бұл аумақта 187 млн-ға жуық адам тұрады.
Жаһандық ауа температурасының артуы салдарынан теңіз деңгейінің көтерілуіне Гренландия мұздықтары негіз болады. Ғалымдардың пайымынша, Антарктиданың Шығыс және Батыс бөліктері тұрақсыз жағдайға ауысуы мүмкін.
Мұндай болжамдарға сәйкес, жағалаулары өзгеріске ұшырмайтын мемлекеттерге қауіп төнеді. Оның ішінде Ұлыбритания, АҚШ пен кейбір Еуропа және Азия мемлекеттері бар. Сонымен қатар өзен жағалауларында қоныс тепкен 500 млн адамға қауіп төнуде. Бұдан бөлек, жағалаулардағы аймақтардың су астында қалуы өте ірі миграцияға әкеп соғуы мүмкін.
Ғалымдар, оқиғаның бұлай белең алуы бар жоғы 5% құрайды, бірақ мұндай ескертуларге мұқият қараған жөн екендігін айтып отыр. Жаһандық апаттың алдын алу үшін климаттың өзгеріске ұшырауын тоқтату қажет. Бұл үшін атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту керек.
Бұл қалалардың су астына кетуі жайлы алғашқы ескерту емес. Таяуда ғана Нью-Йорк мэрі қаланың тіпті 2050 жылы суға кетуі мүмкін екендігін айтқан болатын.