Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігінде күн ыстық болады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2019 21:14 pixabay.com
Ал солтүстік пен шығыста үсік күтіледі.

"Қазгидромет" демалыс күндері елімізде қандай ауа-райы болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Мамырдың және көктемнің соңғы аптасында ауа райы тұрақсыз болып, жиі жауын-шашын, найзағай және екпінді жел сақталады. Егер республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы плюс 28…33°С көтерілетін болса, ал солтүстік және шығыс облыстарында түнде 3°С дейін үсік күтіледі, - делінген синоптиктер таратқан ақпаратта.

Бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің Европалық территориясының солтүстігінен және Оралдан ылғал және суық ауа массаларының келуімен байланысты, ал оңтүстік аймақтарға Орталық Азиядан жылы ауа массалары келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: